Ең мықты, төзімді әрі мақсатшыл спортшылар. Қостанайда жасөспірімдер арасында бокстан облыс чемпионаты өтіп жатыр. Бірі үшін бұл жарыс - алғашқы үлкен сынақ болса, енді бірі үшін - ірі жеңістер мен Қазақстан чемпионатына бастар кезекті қадам. Шаршы алаңдағы бәсекеге 200-ге жуық спортшы қатысуда.
Қостанайдың бокс мектебі - тек нәтиже ғана емес, бұл ұрпақ сабақтастығы мен көпжылдық дәстүр. Әрбір жетістіктің артында жаттықтырушылардың жүйелі еңбегі, спортшылардың өз ісіне деген сенімі тұр. Бүгінде бұл дәстүрді жаңа буын бапкерлері жалғастырып, деңгейді сақтап қана қоймай, одан әрі көтеруге ұмтылуда.