Лисаков тұрғындарының желінің нашарлығына қатысты шағымы шешімін тапты. Қалада жоғары жылдамдықты интернет пен сапалы байланысты қамтамасыз ететін екі бірдей жаңа базалық станция іске қосылды. Бұл - өңірдегі байланыс инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды жобаның бастамасы ғана. Әріптесім жалғастырады.

Лисаков қаласында байланыс сапасы жақсарды. Мұнда екі бірдей жаңа базалық станция іске қосылды. Қондырғылар тұрғындарды жоғары жылдамдықты интернетпен және сапалы ұялы байланыспен қамтамасыз етеді.Бұл ауқымды жобаның алғашқы кезеңі ғана. Жаңа базалық станциялар ең алдымен шаһардағы жиырмасыншы ықшам аудан мен саяжайға жақын аумаққа орнатылды.