Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығына – 30 жыл. Атаулы датаға орай облыс орталығында «Kostanay Womаn 2026» мерейтойлық форумы өтті. Қоғамдағы нәзік жандылардың рөлін арттырып, олардың көшбасшылық әлеуетін шыңдауға бағытталған салтанатты іс-шарада қыз-келіншектер өзара тәжірибе алмасып, үздіктер марапатталды

Үш онжылдық ішінде іскер әйелдер қауымдастығы мыңдаған қыз-келіншектің бастамасын жүзеге асыруға серпін берді. Нәзік жандылардың мемлекеттік деңгейде белсенділік танытуға мұрындық болды. Бір сөзбен, 30 жылда жеткен жетістік көп. Астықты алқапқа арнайы келген ұйым төрайымы Раушан Біргебайқызы қауымдастық жұмысының негізгі нәтижелерімен бөлісті.

: Іскер әйелдер қауымдастығының 30 жылдық мерейтойы – қыз-келіншектердің кәсіби өсуіне ықпал етіп, шығармашылық әлеуетін арттыруда, сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілік тарихында маңызды кезең. Форум аясында сөз алған облыс әкімінің орынбасары ұйым жұмысына оң баға беріп, осылай деді.

Мерейтойлық форумның Қостанай қаласында өтуі кездейсоқ емес. Осыдан үш он жылдық бұрын іскер әуелдер қауымдастығының алғашқы филиалы дәл осы Тобыл-Торғай өңірінде ашылған еді

Жұлдызы жанған арулардың еңбегі де елусіз қалмады. Форумда белсенді қыз-келіншектер марапатталды. Жалпы, ресми дерекке сүйенсек, елде жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің саны 4,5 млн-нан асады. Олар сан-саланың қыр-сырын меңгерген. Ал облыстың алты мың мемлекеттік қызметкерлерінің 65 пайызы әйел.