Жітіқарадағы «Батыр Арена» спорт кешенінде еркін күрестің негізін қалаушы Николай Балобановты еске алуға арналған XVII ашық облыстық турнир өтті. Үш күнге созылған додаға Қазақстанның бірнеше өңірінен және Ресейден келген 250-ден астам палуан қатысып, бозкілемде өзара мықтыны анықтады. Турнир жас спортшылардың тәжірибе жинауына және еркін күресті дамытуға бағытталды.
Батыр Арена» спорт кешенінде үш күн бойы палуандардың тартысты бәсекесі өтті. Мұнда 21–23 мамыр аралығында Жітіқара ауданында еркін күрестің негізін қалаушы Николай Балобановты еске алуға арналған ерлер және әйелдер күресінен XVII ашық облыстық турнир жалауын желбіретті. Дәстүрлі жарысқа биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес Ресейден келген спортшылар қатысты.