Білім ордалары оқу жылын қорытындылады. Биыл Қостанай қаласы бойынша мектепті 1500-ге жуық түлек аяқтап отыр. Олардың ішінде 53 оқушы «Алтын белгіге», ал 75 түлек үздік аттестат иегері атануға үміткер. Соңғы қоңырау бір мезетте барлық білім ошақтарында сыңғырлады. Ал, Сырбай Мәуленов атындағы гимназия ауқымды экологиялық шарамен ерекшеленді. Биыл алғаш рет «Білімім - Отаныма!» жиыны аясында мектеп бітірушілер 1-сынып оқушыларымен бірлесіп, білім ордасының ауласына «Түлек ағашын» отырғызды.