Заречныйда ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасында алғаш рет «Дала дәстүрі» атты ашық турнир ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға Қостанай қаласы, Рудный және Федоров ауданынан екі жүзден астам спортшы қатысып, спорттың жеті түрі бойынша бақ сынасты

Турнир қазақ күресі, асық ату, бес асық, жамбы ату, аударыспақ және тоғызқұмалақ секілді ұлттық спорт түрлерін қамтыды. Жарыс қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналса, өзге сайыстар өңірден шыққан белгілі спорт саңлақтарының жүлдесі үшін ұйымдастырылған.