Облыс орталығында «AMANAT» партиясының бастамасымен іске асып жатқан «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтті. Ашық форматтағы іс-шара қаладағы «Март» сауда үйінде ұйымдастырылып, тұрғындарға ақысыз негізде құқықтық әрі қаржылық бағытта кеңес берілді.

Іс-шара барысында адвокаттар, нотариустар, медиаторлар мен сот орындаушылары, полиция департаменті өкілдері және «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы азаматтардың сауалдарына жауап беріп, нақты құқықтық қолдау көрсетті. Қабылдауға келген тұрғындар негізінен несие төлемдері мен мүліктік даулар, алимент өндіру, еңбек қатынастары және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша кеңес алды.