Камал Әлпейісованың 70 жылдық мерейтойы аясында өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі бүгінде қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр. Ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, тәрбие мен мәдениетті насихаттаумен шектелмей, олар жастарды рухани байытуға, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып келеді.

Қазіргі қоғамда әрбір баланың сапалы білім алып, толыққанды дамуына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта ата-аналар қауымдастығының, әсіресе Аналар кеңесінің рөлі ерекше. Ол тек отбасы тәрбиесімен шектелмей, инклюзивті қоғам қалыптастыруға да белсенді үлес қосып келеді.

Аналар кеңесінің негізгі жұмыстарының бірі – ерекше балалардың ата-аналарына қолдау көрсету. Осы ретте психологиялық кеңестер беріліп, тәжірибе алмасу кездесулері ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралар ата-аналардың жалғыз еместігін сезіндіреді және олардың бала тәрбиесіне деген сенімін арттырады. Сонымен қатар, арнайы мамандармен кездесулер өткізіліп, балалардың даму ерекшеліктері жөнінде пайдалы ақпарат беріледі.