Биыл қазақ даласының ұлы ұстазы, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай Қостанай қаласында «IbrayStep» еске алу марафоны өтті.

Марафон Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ауласында, ұлы ұстаздың бюсті алдында басталды. Қасиетті домбыраның үнімен ашылған бұл жиынға студенттер қатысып, ұлт ұстазының өнегелі жолына тағзым етті. Қатысушылар орталық саябақтағы Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, артынша ағартушының кесенесіне зиярат етті. «Ibray step» еске алу марафоны ұрпақтар арасындағы рухани көпірді нығайтып, жас буынның санасына білімге деген құштарлық пен отансүйгіштік қасиеттерін ұялата білді. Ұлы ұстаздың «Кел, балалар, оқылық!» деген өсиеті бүгінгі заманда да өз құндылығын жоғалтпай, жастарды жаңа белестерге жетелей беретіні анық.