Қостанайлық жастар Камал Әлпейісованың шығармашылығымен жақсы таныс. Өңірлік университетте болған кездесуде студенттер қызығушылықпен жарыса сауалдарын қойып, жүздесу кешінің тағылымды болғанын атап өтті. Ал, кәсіби қазақ телевизиясының мақтанышы Қымбат Досжанмен қазіргі қазақ журналистикасы төңірегінде пікір алмасты.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті студенттері ілеспе аудармашы, жазушы әрі публицист Камал Әлпейісова және журналист, тележүргізуші Қымбат Досжанмен кездесті. Камал Әлпейісова ілеспе аударма саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, осы бағыттағы және басқа да еңбектерін университет кітапханасына сыйға тартты.