Олар түрлі білім бәсекесінде, өнер бәйгесінде, спорттық сайыстарда өңір намысын қорғап, топ жарып жүрген дарынды жастар. Әр жетістіктері тынымсыз еңбектің және үздіксіз ізденістің нәтижесі. Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында «Алтынсарин жұлдыздарының шеруі - 2026» шарасы өтіп, озат оқушылар марапатталды
Алтынсарин жұлдыздарының шеруі - 2026». Осындай атаумен Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында дарынды оқушыларды марапаттау кеші өтті. Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған дәстүрлі іс-шараның мақсаты – облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі білім, ғылым, шығармашылық, және спорт сайыстарында мектеп абыройын асқақтатып жүрген үздіктерді ұлықтау.