Көңілді тапқырлар алаңының жаңа маусымы басталды. «Достар» лигасының салтанатты ашылу рәсімі көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, Қостанайлық көрермендерге жарқын әзілдер мен әсерлі қойылымдар ұсынылды.

Қошемет пен күлкі толастар емес. Мирас мәдениет үйі шаттық пен жақсы эмоцияларға толуда. Себебі мұнда өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған студенттер әзіл әлеміндегі «Ең мықты құрама» атағына таласуда. Бір сахнада болашақ инженерлер, менеджерлер, Отан қорғаушылар, тіпті жуырда медицина саласына кәсіби қадам жасайтын жастар тоғысты