Өңірде өрт қаупі кезеңі басталғалы бері профилактикалық жұмыстар мен әкімшілік бақылау күшейтілді. Бүгінде бірлескен рейдтік іс-шаралар негізінде жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден асатын 200-ге жуық әкімшілік айыппұл салынған.
Төңіректегі өрт қаупінен сақтану тек орман шаруашылығы мамандарына ғана емес, тұрғындар мен саяжай иелері үшін де маңызды. Қоқыс жағу, құрғақ шөптерді өртеу және кәуап дайындау кезінде де арнайы талаптар сақталуы тиіс.
Бұдан бөлек, орманшылардың 42 бейнекамерасы бақылау жүйесіне қосылған. Егер қандай да бір түтін немесе өрт белгісі анықталса, оқиға орнына дереу мамандар мен техника жіберіледі. Ал, биылғы айыппұл көлемі өткен жылмен салыстырғанда азайған. Десекте, тәртіпке бағынып, сақтық таныту аса маңызды.