Онда күн тәртібіндегі Балалар қауіпсіздігі, жазғы демалысты ұтымды ұйымдастыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу. Федоровта өткен жалпы аудандық ата-аналар жиналысында осы және өзге де өзекті мәселелер көтерілді.

Федоров ауданында атаулы жиналыс жылына екі рет ұйымдастырылады. Онда балалардың қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді өткізу мәселесі талқыланады. Биыл бүлдіршіндер үшін маусым мен шілде айын қамтитын «Қызықты демалыстар мектебі» жазғы бағдарламасы әзірленген. Жалпы, осы жылы аудан бойынша 400-ден астам түлек жаңа өмірге қадам баспақ.

Жиналыста көтерілген маңызды тақырыптардың бірі - жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігі, түрлі ұлттар мен конфессия өкілдеріне құрметпен қарау. Мамандардың сөзінше, қазір алаяқтардың ең көп қолданатын тәсілдерінің бірі - қоңырау шалып, инвестиция туралы ұсыныстар айту. Олар адамдарды ақша салуға үгіттеп, тез әрі оңай табыс табуға болады деп сендіреді.