ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері Қостанай өңіріне арнайы сапармен келді. Делегация құрамында жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Камал Әлпейісова да бар.
Кездесу барысында этно-мәдени бірлестік өкілдерімен ашық пікір алмасу өтіп, Камал Әбілқасымқызының еңбек жолы мен шығармашылығы таныстырылды 📚
Қоғам қайраткері туған жердегі бұл жүздесулерді «Төркіндеу сапары» деп атап, рухани байланыстың маңызын ерекше атап өтті.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері де қозғалды.