Қостанайда әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің сақталуын бақылау мәселелері талқыланды.
2026 жылдың алғашқы төрт айында Костанайда еңбек инспекторлары 107 тексеру өткізді, 81 бұзушылық анықталды, оның 6-сы еңбек қауіпсіздігіне қатысты. Жұмыс берушілерге 81 ұйғарым беріліп, 39 әкімшілік айыппұл – 8,3 млн теңге көлемінде салынды. Сонымен қатар, 25 өндірістік жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізілді.
Өндірістік жарақаттану деңгейін азайту және жұмыс орындарын жақсарту үшін мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілер және ұжымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 2026 жылы 42 кездесу өткізіліп, 1,5 мыңнан астам адам қатысты. Бұл шаралар 2024–2030 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» тұжырымдамасының аясында жүзеге асырылып жатыр.