Облыста заманауи технологиямен жабдықталған ірі өндірістік кешендердің қатары жыл сайын артып келеді. Солардың бірі - «Кира» компаниясы. Ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтуды мақсат еткен фабрика бүгінде өңірдегі жетекші өндіріс орындарының біріне айналып отыр. Облыс әкімі өндіріс орнында болып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Фабриканың өндірістік қуатын, жұмысшыларға жасалған жағдайды және шығарылатын өнім сапасын көрді. Кездесу барысында отандық өндірісті қолдау, экспорт көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері де талқыланды.

Компанияның өндірістік базасының құрылысы 2023 жылы басталған. Ал биыл кәсіпорын толық іске қосылмақ. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына ондаған мың өнім дайындауға мүмкіндік береді. Жоба ішкі нарықтағы импорт үлесін азайтып, отандық өндірістің әлеуетін арттыруға бағытталған.

Бүгінде өндіріс орнында 120 адам еңбек етеді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары көбейеді. Қызметкерлер арнайы оқытудан өтіп, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істейді. Кәсіпорында автоматтандырылған жүйе енгізілген. Өндірістік процестердің басым бөлігі цифрлық технология арқылы басқарылады. Бұл өнім сапасын арттырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

ҚОСТАНАЙДА ОТАНДЫҚ ЖИҺАЗ ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫН АЛДЫ