Меңдіқара ауданында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын әрі аудармашы Қасым Тоғызақовтың 116 жылдығына арналған «Тағдырлы тұлға…» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды басқосу Боровской ауылындағы «Юбилейный» мәдениет үйінда ұйымдастырылды. 


Рухани жиынның негізгі мақсаты — ақын мұрасын кеңінен насихаттап, оның шығармашылығы арқылы көркем әдебиетті дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Конференция барысында Қасым Тоғызақовтың әдеби мұрасы, аудармашылық қыры мен қазақ руханиятындағы орны жан-жақты талқыланды.


Тағылымды іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, журналистер, ұстаздар мен аудан тұрғындары қатысты. Келелі кездесуде баяндама жасалып, ақын шығармашылығының бүгінгі қоғам үшін маңызы кеңінен сөз болды.


Толығырақ кешкі 20.30-да  «ARQA AQPARAT» қорытынды жаңалықтардан көріңіздер.