Мичурин мектебінде ата-аналарға арналған «Заң мен тәртіп» тақырыбында профилактикалық жиналыс өтті. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, прокуратура өкілдері, учаскелік полиция инспекторы және Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатысты. Жиынның мақсаты - жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, олардың заң шеңберінен шықпауын қадағалау және жазғы демалыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Шынар Айкенова -баласының мінез-құлқын жіті бақылайтын ата-аналардың бірі. «Заң мен тәртіп» аясында ұйымдастырылған бүгінгі іс-шараға да арнайы келген. Жауапты ананың айтуынша, бала қауіпсіздігін тек жазғы демалыста емес, үнемі бақылауда ұстау керек.