Заң мен тәртіп қағадаттарын бала кезден бойға сіңіру. Қостанайдағы №22 мектепте «Жас прокурорлар клубы» ашылды. Клуб қатысушылары ашық сот процестеріне қатысып, құқық қорғау органдарына экскурсия жасай алады. Бұл - өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін дамытудағы, жоғары азаматтық жауапкершілік пен заңға деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Жаңа бейіндік студияға белгілі қостанайлық прокурор тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Әділет министрі қызметін атқарған Ғалихан Ержановтың есімі берілді. Клубтың ашылуына оның жұбайы Үрік Ержанова да қатысты. Ол балаларға тұлғаның өмірі жайында баяндап, ақ батасын берді.