Ортағасылық батыр – рыцарьлар мен роботтар, көне кино мен жасанды интеллект. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде дәстүрлі «Музейдегі түн» акциясы өтті. Биыл музей кеңістігі бірнеше дәуір мен түрлі өнер бағыттарын тоғыстырған, орта ғасырлық және замауи үннің үндестігінде өрілген ерекше алаңға айналды.
Кеш қостанайлық дизайнерлердің сән көрсетілімімен басталды. Ал көрме залдарының бірінде келушілер өткен ғасыр атмосферасын сезініп, ескі фильмдерді тамашалады. Қала тұрғындары үшін интерактивті аймақтар, сурет және түрлі шығармашылық алаңдар жұмыс істеді.