Сахнаға арналған ғұмыр, мыңдаған көрерменнің ыстық ықыласы және өнермен өрілген 55 жыл. Халықаралық байқаулардың лауреаты атанған, Ресей, Германия, Болгария, Франция, Оңтүстік Корея және Италия сахналарын бағындырған Қостанай өңірлік «Костанайские зори» ансамблі 55 жылдық мерейтойын атап өтті.

Сонау 1971 жылы құрылған, жарты ғасырлық тарихы бар «Костанайские зори» ансамблі қазірде облыстық әрі республикалық көлемде беделі бар ансамбльдердің бірі. Осы уақыт ішінде ұлттық би өнерін жаңа деңгейге көтеріп, тек Қазақстанның ғана емес, шетел сахналарының қошеметіне де бөленді.

55 жыл бойы «Костанайские зори» көрермендерді әсем биімен, ерекше сахна мәдениетімен тәнті етіп келеді. Ансамбль талай жастардың қанатын қатайтып, үлкен бір шығармашылық мектепке айналды.