Жазғы демалыс уақыты таяп қалды. Бұл уақытта балалардың дамуын қадағалап, сауығу шараларын өткізу өте маңызды. Биыл облыста 102 мыңнан астам оқушыны демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл мақсатта шаһарымыздың мектептерінде және 12 қала сыртындағы лагерь жұмыс істей. Жазғы маусымға дайындық барысы қандай?
Облыста жазғы сауықтыру науқанына дайындық қарқынды басталды. Бұл мезетте қауіпсіздік, тамақтану және медициналық көмек мәселелері де ерекше назарда. Себебі биыл 100 мыңнан астам оқушыны демалыспен қамту жоспарланған. Бұл - бірінші сыныптан оныншы сыныпқа дейінгі оқушылардың 90 пайызынан астамы.