Қостанайда байланыс және цифрлық технология саласының мамандарының қатысуымен ауқымды кездесу өтті. Іс-шараға телекоммуникация компанияларының өкілдері, IT мамандар мен сала ардагерлері жиналды. Тұрғындарға заманауи байланыс құрылғылары мен арнайы техникалардың көрмесі ұйымдастырылып, цифрлық инфрақұрылымдағы жаңа мүмкіндіктер таныстырылды.
Сала мамандары бүгінде өңірде интернет сапасын арттыру, шалғай ауылдарды байланыспен қамту және цифрлық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі таңда облыста талшықты-оптикалық желілер тартылып, 5G желісін дамыту және спутниктік интернетті енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл тұрғындарға онлайн қызметтерді тиімді пайдалануға, қашықтан білім алуға және заманауи цифрлық сервистерге еркін қол жеткізуге жол ашады.