Қостанай ауданында мәдениет саласының даму қарқыны жыл сайын артып келеді. Аудан бұл бағытта өңірдегі алдыңғы қатарлы аймақтардың бірі.
Соңғы екі-үш жылда бұл бағыттағы жұмыс ерекше жанданып, жаңа жобалар мен бастамалар жүзеге асырылуда. Бүгінде аудандық мәдени-демалыс орталығында барлығы 99 қызметкер еңбек етеді. Олардың 49-ы – шығармашылық қызметкерлер болса, 50-і техникалық сала мамандары. Әсіресе, жастарды өнерге тарту ерекше жолға қойылған.