Бүгіннен бастап ережені ескермеген жүргізушілерге автоматты түрде айыппұл салынады. Елімізде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер күшіне енеді.
Бұдан былай, «ақылды жүйе» жолдағы жүргізушілерді бақылап отырады. Көлік тізгінінде телефон пайдалансаңыз, қауіпсіздік белдігін тақпасаңыз, айыппұл автоматты түрде рәсімделеді. Бұрын мұның барлығын полиция қызметкерлері анықтап, хаттама толтыратын. Әкімшілік кодекстің 31-бабында жүргізушінің ереже бұзғанын цифрлық жүйе анықтаса, тікелей айыппұл салу қарастырылған. Сондай-ақ құжаттарға қатысты құқықбұзушылықтарды да жаңа жүйе бірден аңғарады. Одан басқа, техникалық байқаудың мерзімінің өтуі, сақтандыру полисінің болмауы, қаруды сақтауға берілген рұқсат мерзімінің аяқталуы және басқа да жағдайлар. Сонымен қатар жүйе автоматты түрде ескерту шығара алады. Мысалы, жолда кептеліс тудыру, сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау және басқа да жолда жүру қағидаларын бұзу жағдайлары.