Қостанайда референдум учаскелерінің алдағы саяси науқанға дайындығы пысықталып жатыр. Бүгін мониторингтік топ мүшелері дауыс беру нысандарының бірінде болып, учаскелердің ұйымдастырылуы мен материалдық-техникалық жабдықталуын, инклюзивті таңдаудың қолжетімділігін тексерді
Мониторинг топ өкілдерінің жұмысы бұл жолы №874 учаскеде жалғасты. Ол №31 Келешек мектеп ғимаратының қабырғасында орналасқан. Алдағы жексенбі күні мұнда 2800-ге жуық адам дауыс береді. Ал 5 азамат алғаш рет өз таңдауын жасамақшы. Аслан Дабылов үшін референдум – жай саяси науқан емес, ел игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадам.Сол себепті, 15 наурыз күні дауыс беруге келуге ниетті.