Биыл балаларды бірінші сыныпқа қабылдау бірінші сәуірде басталады. Ол қазір электронды форматта жүргізіледі. Осы жылы күзде мектеп табалдырығын шамамен 9 мың оқушы алғаш аттайды деп күтілуде. 2026-2027- оқу жылына өтінім қабылдау жұмысы тамыз айының соңына дейін жалғасады. Бұл туралы білім басқармасының мамандары баяндады.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар дайындық деңгейіне қарамастан, 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тапсыруға болады.
Өтініштер демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Құжат қабылдау 3:1 қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Яғни мектептің қызмет көрсету аумағынан үш өтініш берушіге, одан кейін басқа аумақтан бір өтініш берушіге басымдық беріледі.