Сенат депутаттары соңғы апталарда елдің барлық облысында ауқымды аудиторияны қамтыған 600-ге жуық кездесу мен іс-шара өткізді. Палатаның жалпы отырысында комитет өкілдері атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Олардың мәліметінше, шалғай ауылдарда да жаңа Конституция жобасы бойынша пікір білдірген азаматтар көп. Әсіресе, адам құқығы, халықтың байлығы, заң үстемдігі сияқты баптарға ерекше қолдау жасаған. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының жаңа Ата заң елімізді заманауи әрі тиімді басқару моделіне кезең-кезеңімен көшіруге бағытталған тарихи қадам екені туралы айтқан сөзіне назар аударды.