Темекі шегуге қай жерде рұқсат етіледі, қай жерде тыйым салынған және заң талаптарын елемегендерге қандай жаза қарастырылған? Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері рұқсат етілмеген орындарда темекі шегетін азаматтармен профилактикалық әрі әкімшілік-құқықтық жұмыстар жүргізуде. Жыл басынан бері 4 рейдтік іс-шара өткізіліп, барлар мен мейрамханаларда заңсыз темекі шеккені үшін 13 хаттама толтырылған.