Қостанай облысында соңғы күндері ауа райы күрт нашарлап, боран мен қарлы бұрқасын тіршілікті біраз қиындатты. Қар қалың түсіп, кейбір бағыттарда көлік қозғалысы шектелді. Құтқарушылар қар құрсауында қалған адамдарға көмекке келіп, жолда қалған көліктерді қар құрсауынан шығарды.

Қолайсыз ауа-райы кезінде 112 қызметі смс хабарлама арқылы жолға шықпай, үйде қалуға шақырады. Бұл – ең алдымен қауіпсіздік үшін жасалған ескерту. Дегенмен оны елемейтіндер де бар. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 11–12 наурыз аралығында өңірде ауа райы күрт нашарлап, боран соғып, облыстағы жағдай күрделене түсті. Бір тәуліктің өзінде құтқарушылар 30-ға жуық авариялық-құтқару жұмысына шыққан.