Қостанай облысында алимент бойынша қарыз 4 млрд теңгеден асқан. Мамандардың мәліметінше, борышкерлердің бір бөлігі табысын жасырса, енді бірі мүлде ресми жұмыс істемейді. Соның салдарынан балаларға тиесілі қаражат уақытында төленбей отыр. Алиментті өндіріп алудың бір тетігі - жұмыспен қамту. Қостанайда осы ретте, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.