Қыс қырауы кетіп, көктем лебі сезілген шақта қала тіршілігі де қыза түседі. Әсіресе, қардың жаппай еруі коммуналдық қызметтерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Биыл да қала мен шет аудандарда бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, көпқабатты үйлердің аулалары, әлеуметтік нысандар маңы мен орталық көшелер ерекше бақылауда.