Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ғылым, білім, болашақ» атты кең көлемді ғылыми-ағартушылық кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды. Ол – жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, білімнің маңызын насихаттау және болашаққа деген сенімді нығайту мақсатында ұйымдастырылған мәдени мәнді іс-шара.
Көрменің ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, студенттер мен оқушылар қатысты. Іс-шара барысында сөз сөйлеген қонақтар ғылым мен білімнің қоғам дамуының негізгі тірегі екенін тура меңзеді. Сонымен қатар, жас буынның сапалы білім алып, елдің ертеңіне үлес қосуы – басты міндеттердің бірі екені айтылды.