Кардиохирургиядағы серпіліс. Қостанай облыстық ауруханасында екі жыл үзілістен кейін ашық жүрекке операция жасау қайта жанданды. Бұл жаңа технологиялар мен өңірге келген білікті дәрігерлердің арқасында мүмкін болды. Енді мұндай оталар тұрақты түрде жасалмақ.