Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов азаматтарды жеке қабылдады. Аймақ басшысы тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Әрбір өтінішті сала мамандарымен жан-жақты талқылап, тиісті тапсырмалар берді. Ең өзекті мәселелер қатарында жұмысқа орналасу, кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірдің білім беру ұйымдарында мектеп лигаларын ұйымдастыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.