«Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның конституциялық моделінің және жалпы елдің орнықты дамуының құқықтық негізін қалайтын тарихи құжат»..Мәулен Әшімбаев сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында осылай деді. Жиында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту үшін жүргізіліп жатқан реформаның маңызы талқыланды. Отырысқа қатысушылар жаңа Конституция жобасының преамбуласына тоқталып, адам капиталын, білім мен ғылымды және инновацияны дамытуға бағытталған ережелерге ерекше мән берді. Сенат төрағасы, бұл құжат сарапшылар мен азаматтық қоғамның ұзақмерзімді бірлескен жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.