Ерлан Қошанов бастаған жалпыұлттық коалиция мүшелері Қарағанды жұртшылығымен кездесті. Достық үйінде басталған жиында жаңа Конституцияның негізгі нормалары түсіндіріліп, адам құқығы мен бостандығын нығайту, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы және билік институттарының әлеуметтік жауапкершілігін күшейту бағыттары айтылды. Кездесу Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінде жалғасты. Зиялы қауым өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам және студенттер басқосқан талқылауға шамамен 500 адам қатысты. Кездесуде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа Ата Заң жобасында ел дамуының басым бағыттары ретінде алғаш рет ғылым мен білім бекітілгенін атап өтті. Кездесу «Qarmet» кәсіпорнында да жалғасты.