«Білім, ғылым және мәдениет саласындағы инновациялық экожүйе». Өңірдің зиялы қауым өкілдері Қостанайда осы тақырыпты талқылады. Бірқатар жүзеге асырылатын тың жобаларға тоқталды. Сондай-ақ, жаңа Конституция жобасының білім мен ғылымға стратегиялық басымдық беретін тұстары сөз болды.

Білім беру ұйымдары, ғылыми ұжымдар және бизнес-қоғамдастық пен мәдени институттар арасында тұрақты байланыс орнату - Қостанай облысы үшін басты міндет. Ал бұл мекемелердің бастамалары мен инновациялық жобалар өңірдің интеллектуалды әлеуетін арттыруға бағытталған. Маңызды бағытты облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов атап өтіп, аймақтың дамуы үшін осындай тәжірибелік байланыстардың ерекше мәні бар екенін баса айтты.