Мемлекет басшысы биылғы Құрылтайда елдегі музей ісін дамытуды негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырған еді. Осы ретте өңірдің бай мұрасын сақтап отырған маңызды мәдени ошақтардың бірі Облыстық тарихи-өлкетану музейіне жөндеу жүргізілуде.
Өлкелік музейді жөндеу жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталған. Бүгінде едәуір жаңарып, тың форматтар қолданылған. Ал, толық аяқталу уақыты сәуір айына жоспарланған. Мұражай қызметкерінің айтуынша қазір қайта экспозициялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр