Қостанай облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойында мобильді интернет іске қосылады. Жобаны инвестор тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осыған байланысты ҚР Үкіметі мен Транстелеком компаниясы арасында инвестициялық келісімге қол қойылды.

Құжатқа сәйкес, еліміздегі республикалық және облыстық автомобиль жолдарын радиодабылмен қамту және телекоммуникациялық инфрақұрылым салу жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылады. Жоба аясында Қостанай облысында республикалық трассалар бойында антенна-діңгек құрылыстарын салуға арналған жеті нүкте айқындалған. Олар, Арқалық қаласы, Жітіқара, Алтынсарин, Сарыкөл және Денисов аудандарында жоспарланған. Барлық аталған нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға оң сараптама қорытындысы алынған. Сонымен қатар олар жекешелендіру тізіміне енгізіліп, бағалау жұмыстары жүргізілген.