Мемлекет басшысының бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы түрлі жас пен әлеуметтік топ өкілдерін зияткерлік байқауға жұмылдыруда. Қанатқақты жоба өскелең ұрпақты ерте жастан кітап оқуға баулу, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру және тұтас ел болып рухани дамуға қадам жасауға бағытталған.
Жобаның ең белсенді қатысушылары - балалар. Облыс орталығындағы №31 мектептің оқушысы Аружан Қанатқызы жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Оның айтуынша, кітап оқуға деген қызығушылық бала кезден, ата-анасының тәрбиесі арқылы қалыптасқан. Жас оқырман ұсынылған 15 кітапты небәрі үш айдың ішінде толық оқып шыққан.