Қостанай облысында жаңа Конституция жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Аққожина бастаған жалпыұлттық коалиция мүшелері Білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті.
15 наурызда әрбір қазақстандық республикалық референдумда өз ұстанымын білдіре алады. Осы уақытқа дейін еліміздің өңірлерінде кездесулер ұйымдастырылып, өзгерістер талқыланып, жаңа Конституция жобасы түсіндірілуде. Осындай кездесулердің бірі Қостанайда өтіп, оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Аққожина қатысты.