Қостанай облысы аумағында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі байқалады. Жыл басынан бері 153 жағдай тіркелді. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 52 болатын. Ауру жағдайларының басым бөлігі Қостанай, Арқалық қалаларында, сондай-ақ Қостанай ауданы мен Амангелді ауданында тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Жыл басынан бері эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 804 адамға екпе салынды. Оның 593-і – балалар. Арасында 6 айдан 10 айға дейінгі 397 бала бар.