Мемлекет басшысы өз Жолдауында қауіпсіз Қазақстан құрудағы маңызды қадамның бірі - киберқылмысқа қарсы күресті күшейту екеніне тоқталды. Алаяқтардың айла-әрекеттеріне тосқауыл қоюдың тағы бір тың тәсілі - енді 1414 қысқа нөмірі арқылы жіберілетін SMS-кодтар енді мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қолданылмайды. Жаңа ережелер интернет-алаяқтардан сақтану мақсатында енгізіледі. Ал, бұған дейін Ұлттық банк іске қосқан «Антифрод-орталығы» бүгінде нәтиже бере бастады. Осындай жаңашылдықтардан хабардар етіп, алаяқтарға алданып қалмаудың жолдарын полицейлер кезекті рет қостанайлық жастарға түсіндірді.