Облыста медицина кадрлары жетіспеушілігі бойынша мәселе бұрынғыдай өзекті. Әсіресе, аудандарда. Соған орай жастарды осы салаға тарту үшін бірқатар жобалар қолға алынуда. Оның бірі - баспанамен қамтамасыз ету. Нәтижесінде мәселе бірте-бірте шешімін табуда. Мәселен, Қамысты ауданында медицина қызметкерлерінің қатарын 8 білікті дәрігер толықтырды.