Аспаз, наубайшы, дәнекерлеуші. Жұмысшы мамандықтар жылына орай Қарабалық ауданында өз ісін мінсіз атқарып жүрген еңбек адамдары марапатталды. Халық оларға алғыстарын айтып, құрмет көрсетті. Жергілікті өнерпаздар концерт ұйымдастырып, ән мен биден шашу шашты.