Қостанай облысының бас мешітінде Тәуелсіздік күніне орай жастарға арналған ерекше кездесу кеші өтті. Оған танымал тарихшылар, профессорлар мен қоғам қайраткерлері қатысып, ел егемендігінің мәні мен маңызы жөнінде әңгіме өрбітті. Шара студенттерге рухани тәрбие беріп, отансүйгіштік сезімін нығайтуды мақсат етті.