Қостанай облысының энергетика саласы жаңа белеске көтерілді. Бейімбет Майлин ауданында еліміздің солтүстік өңірі бойынша ең ірі күн электр станциясы іске қосылды. Жаңа нысанының қуаты 22,6 мегаватт. Ал жоба құны 7,2 млрд теңге. Баламалы қуат көзі арқылы өңірдегі энергия тапшылығы мәселесі шешілмек.