Ауылдық жерлерде бұқаралық спортқа деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Жергілікті оқушылар мен жасөспірімдер спорт секцияларына белсене қатысып, облыстық және республикалық, тіпті халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетуде. Соның бірі - Қамысты ауданының спортшылары. Биыл аралас жекпе-жектен Түркия елінде өткен сайыста жерлестеріміз жүлделі орындарға ие болған.